Өңірлер

Аршалы ауданында 16 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды (ФОТО)

Аршалы ауданында 16 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды, деп Ақмола облысының әкімдігінде хабарлайды.
Ақтөбе 21 Мамыр, 16:02

Айта кетейік, жаңа көшіп келгендерден – кәмелеттік жасқа жеткен 5 жетім балалардың отбасы, 2-көпбалалы отбасы, 3 отбасы - әлеуметтік осал тұлғалардың санатынан, бюджеттік ұйымның қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер.

Естерінізге сала кетейік, 13 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2013 жылы басталды. Жобаны іске асыру үшін 143 млн теңге республикалық және облыстық бюджеттен бөлінді.

Бүгінгі күні құрылыс қазіргі заманның талаптарына орай құрылды: аумақта көлік тұрақтары мен балалар ойнайтын алаң бар.

«Мен пәтер алғаныма қуаныштымын. Шынымды айтсам, осындай сыйды күтпеп едім. Алайда, ендігі күні менің отбасым жаңа пәтерде тұрады. Мемлекетке бізге көрсеткен көмекке алғысымды айтамын»,-деді асырап алу отбасысының тәрбиеленушісі О. Рязанова.

Өз сөзінде аудан әкімі А.Тайжанов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындар үшін тұрғын үй қолжетімділігі мен сапасы өмірміздегі ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала беретіндігін айтқанын мәлім етті.

«Жаңа пәтерлеріңіз тек жаңа табыс пен бақыт алып келсін»,-деп тіледі аймақ басшысы. 





Яндекс.Метрика