Басқару

Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрт жұмыс топтарының жетекшілері анықталды

Астанада Жер реформасы жөніндегі мемлекеттiк комиссияның екiншi отырысы басталды. Кездесу басында төрт жұмыс тобының басшылары анықталды.
Астана қаласы21 Мамыр , 11:04

Естерінізге сала кетейік, бірінші отырыста барлық комиссия мүшелерін 4 топқа бөлу туралы сұрағы талқыланды.

Жер реформасы жөніндегі комиссияның экономика бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып С.Сейфуллин атындағы «Қазақ агротехникалық университеті» АҚ ректоры Ақылбек Күрішбаев таңдалды. Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқықтық бағыты бойынша жұмыс тобына Мұхтар Тайжан жетекшілік етеді.

Жер реформасы бойынша республикалық комиссия шешімдерінің орындалуын қадағалау жөніндегі жұмыс тобын «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің өкілі Досмұханбет Күшімов, ал жер реформасы бойынша республикалық комиссия жанындағы Ақпараттық топқа қоғам қайраткері Мұрат Әбенов жетекшілік етеді.




Яндекс.Метрика