EXPO-2017

Астрахан облысында ЭКСПО-2017 көрмесі аясында туристік алмасу мәселесі талқыланды

Ресейдің шекаралас өңірлері бойынша «ЭКСПО-2017» Комиссары Рапиль Жошыбаев іс-сапарында Астразан қаласында болды, ол жерде Астрахан облысының губернаторы Александр Жилкинмен кездесіп, туристік агент, іскерлік және ғылыми топтар, аймақтағы қазақ диаспорасының өкілдері үшін раунд-шоуда сөз сөйледі, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Әлемде21 Мамыр , 11:58

Әңгіме барысында облыс губернаторымен трансшекаралық ынтымақтастық мәселелері,  «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы бойынша тиісті мемлекеттік органдардың ынтымақтастығы, альтернативті энергетика мен туризм саласында жұмыс істейтін компанияныларды аймаққа тарту мәселелері  талқыланды.

А.Жилкиннің айтуы бойынша, «Энергоүнемділік және 2020 жылға дейін Астрахан облысында энергия тиімділігін арттыру» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, аймақта бірнеше күн электростанциясы құрылуда. Өткен жылы 250кВт-тық «Наримановская» күн электростанциясы пайдалануға берілді және ол қазақстанның «Astana Solar» ЖШС өндірген күн модулінен тұрады.

Ерекше көңіл көрмеде туристтік ағынды ұйымдастыру мәселесіне бөлінді. Аймақ басшысының ойынша, Астрахан облысының көптеген тұрғындары Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қызығушылық танытуы мүмкін. Сонымен қатар, аймақ арқылы Ресейдің кавказ аймағынан туристтік ағынды ұйымдастыру жоспарланған. Осыған орай тараптар логистикалық жақты, авиарейстердің жиілігін арттыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ  Астанаға чартерлі рейсті ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Аймақтың Туризм министрлігімен бірге аймақ үкіметі рауд-шоу ұйымдастырды,  ол жерде Комиссар туристік агенттіктердің қатысу мүмкіндіктерін, ЭКСПО-2017 көрмесінде Астрахан облысынның энергетикалық компаниясы әңгімеленді.

Кездесу барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Астрахан туризм одағы және Астрахан туристік лигасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сапар қорытындысында «ЭКСПО-2017» Комиссарының Астрахан облысының БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-конференциясы ұйымдастысрылды. 




Яндекс.Метрика