Евразиялық одақ

ЕАЭО ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарығын қалыптастыру Тұжырымдамасының жобасы Ереванда өткен ЕҮАК отырысында мақұлданды

Ереванда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қазақстандық тараптың төрағалығымен өткен Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, деп хабарлады primeminister.kz.
Әлемде20 Мамыр , 19:38

Кәрім Мәсімов кеңес отырысында 31-ші мамыр күні Астанада ЕАЭО елдері-қатысушыларымен Мемлекет басшысының кездесуі алдында бірқатар маңызды мәселелер талқыланғанын атап өтті.

Үкімет басшылары деңгейінде ЕАЭО ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарығын қалыптастыру Тұжырымдамасының жобасы мақұлданды.

«Бұл ұзақ талқыланған ең негізгі құжаттардың бірі болды деп есептеймін»,-деп атап өтті К.Мәсімов.

Сонымен қатар, кеңес ЕАЭО Кедендік кодексін қабылдау мерзімін талқылады.




Яндекс.Метрика