Басқару

Н.Назарбаев С.Оразбаевты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Елбасы Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы20 Мамыр , 18:04

Нұрсұлтан Назарбаев С.Оразбаевтың М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50 жылдан аса жұмыс істегенін, осы уақыт ішінде 100-ден астам рөлді сомдағанын атап өтті.

Мемлекет басшысы халық әртісінің қазақ театрының дамуына куә болып, Қ.Бадыров, С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев сынды сахна саңлақтарымен бірге өнер көрсеткеніне назар аударды.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті отандық театр өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі, бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі үшін С.Оразбаевты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

С.Оразбаев марапат үшін, сондай-ақ М.Әуезов атындағы театрды және жалпы театр өнерін дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан  Назарбаевқа алғыс айтты. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика