Болашақтың біртұтас ұлты

Г.Әбдіқалықова: «Мәңгілік Ел» идеясының рухани құндылықтары мен азаматтық қағидаттары негізінде Болашағы Біртұтас Ұлт орнығады

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Павлодар20 Мамыр , 17:59

 Сапар аясында Мемлекеттік хатшы «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» күн тәртібімен өткен Павлодар облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясына қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде Г.Әбдіқалықова «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани құндылықтары мен азаматтық қағидаттары негізінде Болашағы Біртұтас Ұлт орнығып, қазақстандық біртектіліктің нығаятынын атап өтті. Ассамблея сессиясының қатысушылары қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту және дамыту, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Жұмыс істейтін жастар кеңесінің «Алюминий зауыты» АҚ базасында өткен отырысына қатысты. Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеясы Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруының түпқазығы екенін айтты. Бүгінде өңірде 22 мыңға жуық жас кәсіптік-техникалық оқумен қамтылды, облыстың 45 оқу орнында дуальды оқу жүйесі іске асырылуда, соның 12-сіне «республикалық тәжірибелік орталық» мәртебесі берілді.

Жұмыс сапары барысында Гүлшара Әбдіқалықова облыстық әйелдер қауымы өкілдерімен –  мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, бизнес-қоғамдастық және ҮЕҰ өкілдерімен кездесті. Кездесуде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын ілгерілету ісіне әйелдердің белсендірек қатысуын қамтамасыз ету, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, дәстүрлі рухани және отбасы құндылықтарын  нығайту мәселелері талқыланды.

Жұмыс сапарының соңында Г.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Мемлекеттік хатшы сапар қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. 

 




Яндекс.Метрика