Халықаралық интеграция

Мәжіліс спикері Санкт-Петерборда екіжақты кездесулер өткізді (ФОТО)

Мәжіліс Спикері Б. Ізмұхамбетов Санкт-Петерборда ТМД ПАА шаралары аясында Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Әзербайжаннан келген әріптестерімен, сондай-ақ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасымен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Әлемде 20 Мамыр, 18:27

Жүздесу барысында парламентаралық, соның ішінде, ынтымақтастық жөніндегі топтар, сонымен қатар, Қазақстан және Қырғызстан парламенттерімен ұйымдастырылған Парламентаралық кеңес аясында өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды.

Бақтықожа Ізмұхамбетов Әзербайжан, Қырғызстан парламенттерінің төрағаларына, сондай-ақ, Тәжікстан Оли Мәжілісі намояндагон Мәжілісінің Спикеріне Қазақстан Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесін жолдады. Мәжіліс Спикері ЕҚЫҰ ПА Төрағасы Илкка Канервамен кездесуінде де аталған ұйымға қатысушы-мемлекеттер тарапынан манифестің қолдау табатындығына сенім білдірді.

Өз кезегінде Илкка Канерва Қазақстанның ЕҚЫҰ ПА-дағы рөлін жоғары бағалады. Әңгіме барысында Бақтықожа Ізмұхамбетов дағдарыс, лаңкестік шабуылдар, экономикалық санкциялар жағдайында парламентаралық қарым-қатынас рөлінің арта түсетіндігін атап өтті.
 





Яндекс.Метрика