Евразиялық одақ

К.Мәсімов ЕАЭО мен Еуразиялық одақ арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту қажеттігін ерекше атап өтті

Ереванда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қазақстандық тараптың төрағалығымен өткен Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Әлемде20 Мамыр , 17:52

Үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады. ЕАЭО елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту туралы мәселелерді талқылауға ерекше көңіл бөлінді.

Кеңейтілген құрамдағы отырыста сөз сөйлеген Кәрім Мәсімов Қазақстан өз төрағалығының басымдықтары ретінде 2016 жылды «Одақтың үшінші елдермен және басты интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қатынастарын тереңдету жылы» етіп жариялауды ұсынғанын еске салды. 

«Қазақстан әрдайым еуразиялық интеграция «орбитасына» жаңа қатысушыларды тартуды жақтап келеді. Біздің Одақ ашық экономикалық қоғамдастық ретінде қалыптасты. Оған қоса, біз технологиялық тұрғыда дамыған және инвестициялық тартымды елдермен және одақтармен ынтымақтастыққа баса көңіл бөлуіміз қажет», - деді К.Мәсімов.

Оның пікірінше, ЕАЭО пен Еуропалық одақ арасында өзара іс-қимыл орнату жалпы континенттің экономикалық дамуының маңызды факторына айналуы мүмкін. 

«ЕАЭО пен ЕО арасында өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді мақсаты Атлантикадан Тынық мұхитына дейін бірыңғай экономикалық кеңістік құру болуы тиіс. Ол жайында біздің Президент Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.В,Путин бірнеше мәрте айтқан болатын», - деп баса айтты ол. 

«Осылайша, қазақстандық тарап интеграциялық үдерістерді біздің елдердің Шығыс пен Батыс арасындағы «байланыстырушы буын», әлем экономикасының бәсекеге қабілетті жасаушысы болуға мүмкіндік ретінде қарастырады», - деп түйіндеді Кәрім Мәсімов. 

 




Яндекс.Метрика