Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Қырғызстанның Үкімет басшылары Ереванда кездесу өткізді

Ереванда Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қырғызстанның Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Әлемде20 Мамыр , 17:34

Сұхбаттасу барысында тараптар ағымдағы мәселелер мен сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық, қаржы және басқа да салалардағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Қазақстанның Үкімет басшысы қырғыз әріптесін осы лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жұмыста табыстар тіледі.

Кәрім Мәсімов өзара тиімді екі жақты ынтымақтастықты ілгерілемелі тереңдетуге бағытталған жұмысты жалғастыруға үміт артып, Қазақстан Қырғызстанмен экономикалық қатынастарды дамытуға баса мән беретінін айтып өтті. 

Бұдан өзге, Кәрім Мәсімов Армения Республикасы Президенті Серж Саргсяннің ЕАЭО қатысушы мемлекеттерінің Үкімет басшыларымен ұжымдық кездесуіне қатысты.  

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырысына қатысу үшін Ереванға барды.

 




Яндекс.Метрика