Адами капитал

Ақтөбе облысының 26 мәдениет және өнер қайраткерлері марапатталды (ФОТО)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шараға қатысты.
Ақтөбе 21 Мамыр, 11:32

Шара Ғ.Жұбанов атындағы облыстық филормонияда болды. Мемлекет басшысының құттықтауын әртістер, кітапханашылар, әншілер, клуб және музей қызметкерлері қабылдады, деп «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығында хабарлайды.

Аймақ басшысы мәдениет және мәдениет саясаты кез келген мемлекеттің оң имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығы атап өтті.

«Мемлекет басшысы мәдениет пен өнердің дамуына аса қатты мән береді. Оған дәлел жаңа мәдениет нысандарының құрылуы, жыл басынан бастап осы саладағы қызметкерлердің жалақысының өсуі де дәлел болады. Экономикалық дағдарыс болып жатқанда кез келген ел жалақыны, несиені және басқа да әлеуметтік төлемдерді көтере алмайды»,-деді Б.Сапарбаев.

Облыс әкімі мәдениет мекемелерінде материалды-техникалық базаларды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, қызметкерлердің жағдайының жақсарып жатқандығын айтып өтті. Осы жылы 1200 орынды концерт залының және облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылысы басталады. Сонымен бірге, бюджеттік саладағы қызметкерлерге, сондай-ақ мәдениет саласында да жатақханалар салынады.

Кәсіби мереке асында 26 мәдениет және өнер қызметкерлері Құрмет грамотасымен, сыйақылар мен төс белгілермен марапатталды. 16-сы Ақтөбе облысы әкімінің ақшалай сыйақысын алды, 2-уі Құрмет грамотасын және 8-і Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің белгілерімен марапатталды.

Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.

Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні жыл сайын 21 мамырда тойланады. 





Яндекс.Метрика