Энергияның балама көздерін дамыту

Е.Вахрушев: Жаңа күн электро станциясы астананың энергия жүйесінің 10%-н қамтиды

Астанадан 27 шақырым жердегі құрылысы бүгін басталған Орталық Азиядағы ең ірі электро станция ел астанасының энерго жүйесінің 10%-н қамтиды.
Ақмола20 Мамыр , 17:16

«Аталмыш электро станция қаланың энерго жүйеснің шамамен 10%-н қамтиды.Электроэнергия тәуліктің күндізгі уақытында өңделіп,  тұтынылады. Бұл күн электро станциясының құрылысы еліміздің энерго жүйесінде алатын орыны ерекше болмақ. Өйткені, 2050-ші жылға қарай жаңа энергия көздерінен алынатын энергияны пайдалану 50%-ға жетуі керек»,-деді «Armada S.V.» бас мердігер компаниясының директоры Евгений Вахрушев.

Айта кетейік, жаңа КЭС-ң жалпы аумағы 300 гектарды жерді құрайды.

«Бұл аумақта біз 400 004 панелді орналастырамыз. КЭС-ң қуаттылығы кем дегенде 100 МВт-ы құрайтын болады. Бұл сағатына 100 миллион киловатт деген сөз. Бір үйдің пайдалануы орташа есеппен 5-10 киловатт»,-деп түсіндіріп өтті Евгений Вахрушев.

Сонымен қатар, жоба аясында 500 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл орындарға қазақстандық мамандарды тарту көзделуде. Сондай-ақ, компания КЭС-та тұрақты еңбек ететін 50 маманды оқытуды жоспарлап отыр.




Дерекнама

Яндекс.Метрика