Адамзаттық капитал

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға 20,4 млрд. теңге бөлінді – ДСӘДМ

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2015 жылғы 20 ақпандағы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру мақсатында Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін жүзеге асыруға кірісті, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Казахстан21 Мамыр , 10:31

Жоспардың негізгі міндеті – мүгедектігі бар тұлғалар өмірінің барлық салаларында нысандар мен қызметтердің қолжетімділік тетіктерін жетілдіру. Құжат келесі мәселелерді қарастырады:

Сонымен қатар, шалғайдағы ауылдарда тұратын мүгедектерге оңалту құралдарын (протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоспағанда) үйге жеткізіп беру ұйымдастыру қарастырылуда; есту қабілеті бұзылған балаларды есту-сөйлеуге бейімдеу жүргізіледі және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу бойынша қызметтер көрсетіледі.

Аталған іс-шаралар жоспарын іске асыру мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүруіне және қоғамға кірігуіне тең құқық пен мүмкіндіктер туғызуға сеп болады, сондай-ақ, басты құндылықтары адам, оның құқықтары және бостандықтары болып табылатын демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде Қазақстанның халықаралық имиджіне оң әсер етеді.

Іс-шаралар жоспарын іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы сомасы 20,4 млрд. теңге көзделген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 17,5 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 2,9 млрд. теңге.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика