Адамзаттық капитал

2015 жылы қазақстандық спортшылар түрлі деңгейдегі жарыстардан 748 медаль жеңіп алды (ФОТО)

Өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар түрлі деңгейдегі жарыстардан 748 медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР МСМ басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық кеңес отырысында мәлім етті.
Астана қаласы 20 Мамыр, 16:37

«Статистикаға сәйкес, 2015 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жүйелі түрде жене шынықтыру және спортпен 4,6 млн адам айналысады, ол жалпы халықтың 26,3 пайызын құрайды. 2015 жылы қазақстандық спортшылар түрлі деңгейдегі жарыстардан 748 медаль жеңіп алды»,-деді министр.

Бүгін еліміздің құрамасының алдында маңызды тапсырмалар тұр.

«Ол 2016 жылы Рио-де –Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама спортшыларының сәтті жеңіске жетуі және 2017 жылы Алматы қаласында өтетін қысқы Дүниежүзілік Универсиадаға толығымен дайындық. 25 спорт түрінен 100-ден астам лицензия жеңіп алуды жоспарлап отырмыз. Дәстүр бойынша мықты спорттың түрі-бокс, ауыр атлетика, күрес, жеңіл атлетика, дзюдо»,-деп толықтырды министр.

Естерінізге сала кетейік, қазіргі күні Қазақстанның олимпиада құрамасы спорттың 23 түрінен 82 лиценцияны иеленген.

Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика