Ұлттық интеллигенциясының рөлі

Алматыда еліміздегі естімейтін актерлардың алғашқы кәсіби театры ашылды

Алматыда еліміздегі «D’Art’s» естімейтін актерлердің алғашқы кәсіби театрының кеші өтті, деп хабарлайды қалалық ішкі істер басқармасы.
Алматы қаласы22 Қараша , 17:12

«Театр актерлары атақты Қазақстандық орындаушылармен бірігіп ишара арқылы ән салып, би биледі», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, жобаны қолдауға Ерлан Көкеев, Маржан Арапбаева, Алтынай Жорабаева, Әли Оқапов пен өзге де орындаушылар арнайы келді.

Сонымен қатар, кеште театр актерлері қазіргі заманғы Беларусь драмматургы Андрей Карелиннің «Біз бақытты болатын қала немесе Герда» атты қойылымын көрермендерге ұсынды.

«Өнерпаздармен кәсібилер айналысып жатыр. Олардың сапалы жұмысы мен ұйымдасқан істері керемет өнер туындыларын дүниеге әкеледі», - дейді театрдың негізін қалаушы қоюшы режиссер Бақытжан Тәжинов.

Театр труппасында 12 жас талант иелері бар епкенін де айта кетпекпіз.




Яндекс.Метрика