«Ұлттық кинематограф бүгін еліміздің бірегей тарихи-мәдени мұрасын, тарихи оқиғалар мен көрнекті тұлғаларын насихаттауды бағдарлады. Бізде жоғары көркем, патриоттық картиналарды құру арқылы қазақстандық көрермендерді жаулап алатын тәжірибеміз бар. Бұл – «Көшбасшы жолы» киноэпопеясы, «Дорога к матери» фильмі – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қоғамдық кеңес алдындағы есеп беру кездесуінде. »
Сонымен қатар ведомство басшысы қазақстандық киноларды насихаттау кинофестивальдарды ұйымдастыру мен оған қатысуды анықтайтынын атап өтті.
«Болашақта отандық кинематографияны дамыту үшін биыл жеке Қазақстан киноиндустриясын дамыту Тұжырымдамасы дайындалады»,-деді А.Мұхамедиұлы.
Сонымен қатар, Қазақстанда «Кино туралы» жеке заңды әзірлеу мәселесі талқылану үстінде екені айтылды. Аталмыш заң ұлттық кино өндірісін қолдауға және саланың даму басымдығын айқындайтын болады.
Ботагоз Айтжанова