Басқару

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлікті дамыту бойынша өзара серіктестікке қол қойды

«Атамекен» Қазақстанныің кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өзара шағын және орта бизнесті дамытуға арналған Серіктестікке қол қойды, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
Астана қаласы20 Мамыр , 20:08

Серіктестіктің негізгі мақсаты – отандық тауар өндірушілер, қызметті жеткізушілерді қолдау. Өзара келісімнің басты мақсаты жергілікті өнім өндірушілерді, импорт алмастырушыларды қолдап қана қоймай, Қазақстанның ДСҰ мен ЕЭО алдындағы міндеттемелерін атқаруға қызмет ету.

Маңызды құжатқа «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Ерік Имашев қол қойды.

Маңызды құжатта көрсетілгендей, онда бизнесті дамытудың ашықтықты қамтамасыз ету, квазимемлекеттік сектордағы сатып алудың тиімділігін көтеру мақсат етіледі.

«Өнім өндіруші мен тұтынушы арасындағы жылдық және ұзақ мерзімдік келісімдерге байланысты өзара серіктестік аясы кеңейе түседі,- дейді Ерік Имашев. Оның сыртында сатып алудың ашық жүргізілуін, саудалар мен қызмет көрсету мониторингін ұдайы жүргізіп отырамыз.

Құжатта сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді тұрақты тапсырыспен қамтамасыз ету жайы көзделген.

Абылай Мырзахметовтің айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Атамекен» ҰКП өзара серіктестікті жүзеге асыру кезінде компания қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін шағын және орта бизнеске тарту жөнінде де келісілді. Негізінде ҰКП оларды бизнесті жүргізу мен дамытуға үйретеді. Оларға кәсіпкерлік туралы кеңестер береді.




Яндекс.Метрика