EXPO-2017

Сенегал ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысуға ниетті

Сенегал Республикасы Астанада өтетін «Болашақтың энергиясы» ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне белсенді қатысуға ниетті, деп Сенегал Президенті М.Саллом Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында айтты.
Астана қаласы20 Мамыр , 15:38

«Мен біздің делегацияның жылы шыраймен қарсы алғанына алғысымды айтамын. Біз Қазақстанды жаңғырту шеңберінде барлық күш-жігерін жоғары бағалаймын. Астана – бұл нышан, ол Қазақстанның саясатын білдіреді. Сонымен қатар, Қазақстан көшбасшысының рөлін, Орталық Азиядағы Қазақстанның рөлін айтып өткім келеді. Мен, сондай-ақ, сіздердің дінаралық көзқарастарыңыз бен аймақаралық диалогтарыңызды құптаймын. Біз аталмыш бастаманы толығымен құптаймыз»,-деді Сенегал Президенті.

Айта кетейік, сенегалдық жақ Қазақстанның 2016-2017 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын қолдау жасағанына ризашылық білдірді.

Сонымен бірге, келіссөз кезінде Сенегал Республикасы ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысуға ниетті екендігін айтты.

«Мен Миландағы ЭКСПО-да болдым – өте әдемі көрме болды, Сенегал да Астанада өтетін көрмеде болады»,- деді Сенегал Президенті.

«Мұнай-газ саласына келетін болсақ, Сенегал жақында бірнеше кең орындарын ашты және тау-кен саласын дамыту бағдарламасы аясында Қазақстанның тәжірибесін алғымыз келеді»,-деді М.Саллом.

Естерінізге сала кетейік, Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сенегал Президенті Маки Салланың кездесуі өтті. Ол Қазақстанға алғаш рет іс-сапармен келді. 




Яндекс.Метрика