Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Сенегал халықаралық лаңкестікпен бірлесіп күресу ынтымақтастығын реттейді

Сенегал республикасының президентi Маки Саллдың Қазақстанға ресми сапары аясында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екiжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ халықаралық және өңiрлiк сипаттағы кең ауқымды мәселелердi талқылады.
Астана қаласы20 Мамыр , 15:03

«Сенегал президентiнiң бұл бiздiң елге жасаған алғаш сапары. Сондықтан бүгiнгi  кездесу болашақ қарым-қатынасымыздың басы болып саналады. Африка құрлығымен жақындастыра түсетiн бұл сапардың бiздiң ел үшiн емес, бүкiл бiздiң өңiр үшiн мәнi бар. Қазақстан мен Сенегал кең ауқымды мәселелер бойынша өзара тиiмдi iс-қимыл жасай алады деп сенемiн. Бiз бүгiн белсендi саяси диалог жүргiздiк. Барлық саяси және экономикалық мәселелер бойынша пiкiр алмастық. Ұстанымымыздың жақындығы көп жақты құрылымдар аясында ынтымақтастық орнатуға мүмкiндiк бередi», - дедi Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкiлдерiне жасаған мәлiмдемесiнде.

Мемлекет басшысы биыл қыркүйекте Қытайда өтетiн үлкен жиырмалықтың кезектi саммитiне Қазақстан мен Сенегалдың қатысатынын атап өттi.

Сонымен бiрге, Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты емес мүшелiгiне Қазақстанның кандидатурасын Сенегалдың жақтап отырғанын айтып, ризашылығын бiлдiрдi.Қазақстан мен Сенегал халықаралық лаңкестікпен  бірлесіп күресу    ынтымақтастығын   реттейді

Тараптар Астанада өткен жоғары деңгейдегi келiссөздер және қол жеткiзiлген уағдаластықтар Қазақстан мен Сенегал арасындағы қарым-қатынастың негiзiн қалап, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың дамуына серпiн беретiнiне сенiм бiлдiрдi.




Яндекс.Метрика