Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ОҚО-дағы тігін фабрикасы мемлекеттің қолдауымен шығарылатын өнім түрін кеңейтуде

«Golden Nomad» ЖШС Түркияның Жапонияның және Қытайдың заманауи жоғары технологиялық құрылғыларында ерлер киімін тігу және пішу, үлгілеу, жобалау бойынша ірі тігін фабрикасы. Киім өндірісі 44 тігін машинасында және 23 арнайы машинада жүзеге асырылады, деп хабарлады «Даму» қоры.
Южно-Казахстанская область20 Мамыр , 16:12

Бір ауысымда 300-ден астам костюм тігіледі. Фабрика қуаттылығы - жылына 26 мың костюмге дейін жетеді.

Фабрика 2013 жылы іске қосылды, Сайрам ауданында орналасқан.

Бүгінде, компания ерлер және әйелдер киімін (костюмдер, пенжектер, пәлте, мектеп формасының барлық өлшемдерін, 44-тен бастап 64-ке дейін кең ассортиментін өндіреді. Одан басқа, тапсырысқа жеке тігулер де жүзеге асырлады.

Шикізат: мата, уақ-түйек заттар, түймелер және с.с. Түркиядан сатып алынады.

2016 жылы компания шикізат алу үшін Шымкент қаласындағы «Сбербанк» АҚ ЕБ филиалына жүгінген. Мұнда фабриканың жобасын қолдап жылына 16%-бен несие берді. Оның 10% «Даму» Қоры төлеп, қалғанын кәсіпорынның өзі төлейді.

Іскерлік костюмдер бүкіл Қазақстан бойынша сатылады, бағасы қол жетімді 18 мыңнан бастап 35 мың теңгеге дейін, жеке тапсырысқа 40,0 мыңнан бастап 70,0 мыңға дейін.

Фабрика жоспарында ерлер жейделерін, бешпеттерін өндіру, әйелдер және ерлер пәлтесінің ассортиментін ұлғайту бар.

Жұмысшыларға түріктің жаңа құрылғыларында тігуді үйрету үшін Түркиядан арнайы маман шақырылған.

Өндірілетін киімдер жоғары сапаға ие және импорттық өнімдермен бәсекелесе алады, сондықтан өнімге сұраныс үлкен.

 




Яндекс.Метрика