Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қостанай облысындағы элеватор диірмен кешені толық қуаттылыққа енді

«Аруана-2010» компаниясы Қазақстан нарығында 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күнде «Аруана-2010» ЖШС Қазақстанда ұн өндіретін аса ірі кәсіпорындарының бірі. Жаңа, заманауи, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Компания негізінен бидай ұнының барлық сұрыптарын, кебектер, астық қалдықтарын өндірумен айналысады, деп хабарлады «Даму» қоры.
Қостанай20 Мамыр , 15:54

Компания өнімінің жоғары сапасы – оның артықшылығы болып табылады. Кәсіпорын астықты қабылдау, тазарту, сақтау және теміржол көлігіне тиеп жіберу қызметтерін атқарады. Сыйымдылығы 30000 тонна астық сақтау орны бар. Жоғары технологиялы автоматтандырылған элеватордың қуаты - күніне автокөлікпен 1500 тоннаға дейін астық және теміржол көлігімен 2000 тонна астық қабылдауға мүмкіндік береді.

«Аруана-2010» ЖШС «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде элеватор диірмен кешенін салу бойынша жобаны іске асырды. Жоба 2010 жылдың көктемінде қолға алынған.

Және де биыл «Өңдеу өнеркәсібі саласында айналысатын, шағын және орташа кәсіпкерлік субьектілерін қолдау бағдарламасы» аясында «Аруана -2010» 6% мөлшерінде жабдық сатып алуға жеңілдікті несие алды. 30 миллион теңге дәнді дақылдар өңдеу мен тазарту желісін алуға жұмсалды. Кәсіпорын мақтанышы – ұнның ылғалдылығын бағдарламалық бақылайтын италияндық жабдық. Оның арқасында өнімнің қасиеті бірталай жақсарады.

Бұрын бізде басқа жабдықтар болған,–дейді кәсіпорынның бас инженері Жақсылық Мухамбетов. Ылғалдықты біз көзбен өлшейтінбіз. Сосын біз үлгілерді зертханаға жіберіп, жауап күтетінбіз. Ал бұл артық 40 минут. Қазір уақыт ұтып отырмыз.

Қазіргі кезде кәсіпорын «Ұн патша» және «Тұмар» атты сауда белгісінің бидай наубайханалық ұнын өндіреді. Жаңа өңдеуден кейін, қостанайлық ұн тек қана барлық Қазақстанға емес, оған қоса Ресейге, Ауғанстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға және де Түркменияға да жіберіледі. Шет елдерге жалпы көлемнің 50 пайыздайы шығады. Енді басшылық атап өткендей, Ауғанстан тек қана 1-ші және жоғарғы сұрыпты жоғары сапалы өнім сұрайды. Жергілікті ұн ол жаққа ұнағаны анық.




Яндекс.Метрика