Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбе облысының әкімі әрбір түлекті жұмысқа орналастыру туралы тапсырмасын берді (ФОТО)

Студенттерді жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақ аумағындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің басшыларымен кездесуі барысында талқыланды.
Ақтөбе 20 Мамыр, 18:43

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев аймақтағы жоғары және орта арнайы оқу орындарының жетекшілерімен кездесті.

Тараптар оқуын жалғастырып жатқан студенттерді жаз мезгілінде, сонымен бірге түлектерді жұмыспен қамту мәселелерін талқыға салды.

Облыс әкімі түлектер алған білім сапасы мен оларды жұмыспен қамту – жоғары және орта арнайы оқу орындары қызметтерінің тиімділігін бағалаудың басты критерийлері екенін сөз етті.

“Сіздердің түлектеріңіз жұмыссыздар қатарын толтырмаулары керек. Өткен жылдан бері түлектерді жұмыспен қамту мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы арқылы бақыланады, бұрынғыдай жұмыс берушінің анықтамасымен шектелмейтін болды. Бұл өз кезегінде әрбір оқу орны бойынша шын мәнінде жұмыспен қамтылғандар санын білуге мүмкіндік береді. Оларды жұмысқа орналастыруға сіздер аса мән берулеріңіз керек, - деді Бердібек Сапарбаев оқу орындарының басшыларына.

Облыс әкімі сонымен қатар сабақтан бос уақытында жастарды да уақытша жұмыспен қамту мәселесін назардан тыс қалдырмау керектігін жеткізді.

“Аймақта елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр. Жазғы демалыс уақытында осы шараларға студенттерді де жұмылдыру керек. Студенттік еңбек лагерьлері жастарға жұмыссыз отырмауға, қаражат табуға мүмкіндік береді. Оларға еңбекақы облыстық бюджет есебінен төленетін болады”, - деді Бердібек Сапарбаев.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика