Энерготиімділік

Б.Қажиев: ЭБК дайындау көлемі 2016 жылдың I тоқсанында 186 млн кВт/с құрады

Энергияның баламалы көздерін дайындау көлемі 2016 жылдың I тоқсанында 186 млн кВт/с құрады, деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев.
Астана қаласы20 Мамыр , 13:59

Компания басшысы 2015 жылы «KEGOC» АҚ Жүйелік оператор ретінде Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (ҚР БЭЖ) тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз еткенін хабарлады.

2015 жылы «KEGOC»  АҚ өңіраралық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын жеткізу қызметінің көлемі 2015 жылы 37,9 млрд.кВтс құрады.Электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру қызметінің көлемі 2015 жылы 82,8 млрд.кВтс құрады. 2015 жылы электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру қызметі 157 млрд.кВтс құрады.

««KEGOC» АҚ күн мен жел электр станциялары өндіретін барлық электр энергияны бір орталықтан сатып алатын «ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ін құрды деп атап өтті Бақытжан Қажиев. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қаржы-есеп айырысу орталығы жалпы сомасы 5,5 млрд. теңгені құрайтын 200 млн. кВт/с астам «жасыл» энергия сатып алды. 2016 жылы аталған көрсеткіштерді екі есеге арттыру жоспарлануда», - деді ол.

Брифинг барысында Б. Қажиев жұмыс істеп тұрған энергия объектілерін жаңғырту және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған іске асырылған жобаларды атап өтті.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика