Энергияның балама көздерін дамыту

Астана маңында қуаттылығы 100 МВт-тан басталатын күн электр станциясы салынады

Астанадан 27 шақырымда орналасқан Қабанбай батыр ауылында Орталық Азиядағы ең ірі қуаттылығы 10 МВт-тық электр станциясы салынады.
Астана қаласы20 Мамыр , 13:37

«KB Interprises»  Қазақстандық-дат-неміс ұйымы  2013 жылдан бастап күн паркін әзірледі. Жобаның құны 150 млн евроны құрайды,негізгі инвестор ретінде Голландия тартылған болатын.

«Станцияның қуаттылығы күніне 10 МВт болмақ, бұл Орталық Азияда салынатын ең ірі электр станциясы болады. Оның жалпы алаңы 300 га жерді қамтиды. Үш жыл бұрын біз осы орында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мен Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Таткеевтің  қолдауымен жобаны бастауға тәуекел еттік. Біз бірқатар елдің серіктестігін таныстырамыз, біздің офистеріміз Германия мен Нидерландыда орналасқан.», - деді «KB Interprises» компаниясының директоры Тайлан Караманли.

Электр энергетикалық инфрақұрылымды салу мен оны қалыптастыру жөніндегі жұмыстар аясында «KEGOC» АҚ 500кВ Солтүстік-Оңтүстік транзитінің екінші желісін салу, 500кВ Жітіқара – Өлке жоғары вольттық желісін салу, кернеуі 500, 220 кВ желілер Қазақстанның ҰЭТ-на жалғанатын 500 кВ «Алма» қосалқы станциясын салу сынды бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асырды.

Қазіргі уақытта KEGOC Елбасының тікелей тапсырмасымен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде KEGOC тарихындағы ең ауқымды «500 кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік ӘЖ транзитін салу» жобасын іске асыруда. Ол екі кезеңнен тұрады.

Жобаның II-кезеңін іске асыру, 500кВ Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алма ӘЖ-ні салу жобасын ағымдағы жылы басталды. Екінші кезеңнің жұмыстарын аяқтау ҰЭТ-тың транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, теміржолдардың электрлендірілетін учаскелерінің электр энергиясына деген қажеттілігін жабады, тау-кен өнеркәсібі объектілерінің энергия сыйымдылығын қамтамасыз етеді, шекаралас аймақтар мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды, бұл қазіргі таңда Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасындағы ең өзекті мәселелердің бірі, сондай-ақ Шығыс аймағының Қазақстанның біртұтас электр жүйесімен байланысын күшейте түседі.

«500 кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік ӘЖ транзитін салу» жобасының әлеуметтік маңызы зор. Құрылыс жұмыстары жүргізілетін кезеңде 1861 жаңа жұмыс орны ашылды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика