Энергетика

Б.Қажиев: Қазақстан электр энергиясын Ауғанстан, Пәкістан және Қытайға экспорттауға мүдделі

Қазақстан электр энергиясын Ауғанстан, Пәкістан және Қытайға экспорттауға мүдделі, деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев.
Астана қаласы20 Мамыр , 13:06

«Егер де  Ауғанстан мен Пәкістан тарапына экспорт шығаруды қарастыратын болсақ, ол жақта электр энергиясына деген қажеттілік бар. Бірақ бізде Қазақстанда бар энергияны тапсыру мүмкіндігі жоқ. Бүгінгі таңда Қазақстандағы профицит 4-5 мың МВт құрайды. Тарифтердің енгізілуне орай бұл көрсеткіштерді арттырдық. Біз бұл бағыттарды CASA 1000 жобасы аясында қарастырып отырмыз, ол Қырғызстан мен Тәжікстан, Ауғанстан тарапынан жүзеге асырылып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, электр энергетикалық инфрақұрылымды салу мен оны қалыптастыру жөніндегі жұмыстар аясында «KEGOC» АҚ 500кВ Солтүстік-Оңтүстік транзитінің екінші желісін салу, 500кВ Жітіқара – Өлке жоғары вольттық желісін салу, кернеуі 500, 220 кВ желілер Қазақстанның ҰЭТ-на жалғанатын 500 кВ «Алма» қосалқы станциясын салу сынды бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асырды.

Қазіргі уақытта KEGOC Елбасының тікелей тапсырмасымен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде KEGOC тарихындағы ең ауқымды «500 кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік ӘЖ транзитін салу» жобасын іске асыруда. Ол екі кезеңнен тұрады.

«Қазіргі уақытта 500кВ Екібастұз – Смей – Өскемен ӘЖ-ні салу шеңберінде  жалпы ұзындығы 500 кВ 600 км желінің 520,8 км желісі салынды. 500 кВ «Семей» ҚС-да кіре беріс жолымен 220 кВ «Семей – Шүлбі ГЭС» ӘЖ-і желісінің құрылысы бойынша жалпы ұзындығы  106 км-нің 60,7 км салынды. Сондай-ақ 500 кВ «Семей» ҚС, 500 кВ «Өскемен» ҚС мен 1150 кВ «Екібастұз» ҚС-да  құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде», - деді ол.




Дерекнама

Яндекс.Метрика