Өңірлер

СҚО әкімі Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде лидерлік сабағын өткізді

Сотүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде барып, лидерлік сабағын өткізді.
Солтүстік Қазақстан20 Мамыр , 12:49

Әкімдіктен хабарлағандай, аймақ әкімі Назарбаев Зияткерлік мектебі студенттерінің инновациялық жобаларымен танысты. Бұл жобалардың авторлары болашақ инженерлер, химиктер, физиктер мен медиктер. Көрмеге жел қалақшасы мен телескопы бар ракета кешенінің моделі қойылған. Сонымен қатар инновациялық бағытта жасалған заттар бар. Мысалы, ауыл шаруашылық қалдықтарының биогаз синтезі аппараты бар. Бұл экологиялық пленка қарапайым крахмал негізінде жасалған.

Сонымен қатар әкім техикалық модельдеу кабинеті мен спорт кешенінде болды. Онда ол оқушылармен кездесті. Әкіммен кездесуге ондаған болашақ түлектер жиналды. Олардың барлығы жетістік құпиясын білгілері келеді. Ерік Сұлтанов оларға жетістікке жету үшін сенімділік пен жігер керек екенін айтты.

 «Жақсы жетістіктерге қол жеткізу үшін жауапкершілік, сенімділік және  жігерілік керек. Білім алуға деген талпыныстарыңыз болуы шарт. Біреуге көмегіңіз қажет болса, қол ұшыңызды бергеніңіз абзал», - деді Е.Сұлтанов

«Барлығы мен 24 сағат жұмыс істеймін деп ойлайды. Жұмыс уақытымды сағат 8-де бастаймын. Ғаламтор арқылы әлемде және елде не болып жатқанын байқаймын. Бір күнді ғана емес, аптаны, айды жоспарлаған дұрыс. Жұмысымды кешкі сағат 8, 9, кейде 11-12-де аяқтаймын. Спортқа ең кемі 3 күн қалдырыңыздар. Мен тренажер залында жаттығамын», - деді өңір басшысы.

Кездесу соңында оқушылар аймақ басшысына сурет сыйлады.




Яндекс.Метрика