Парламент

Сенат комитеті ХҚДБ-мен келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарады

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бойынша бірінші кредит) ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Астана қаласы20 Мамыр , 11:56

«2016 жылғы 17 ақпанда Астанада жасалған Келісімнің мақсаты макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау, кірістердің тұрақты өсу қарқыны есебінен экономиканың тиімді және сапалы өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Келісімге сәйкес ХҚДБ республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін біздің елімізге бір миллиард АҚШ доллары мөлшерінде қарыз береді. Қарыз қаражаты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қолдауға және экономиканы ынталандыру және экономикалық өсуге жәрдемдесу жөніндегі Үкіметтің стратегиялық шараларының орындалуына мүмкіндік береді. Қарыз 2,5 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 20 жыл өтеу мерзімімен беріледі», - деді Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Ботагөз Айтжанова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика