Халықаралық интеграция

Берлинде Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту және өзара байланыстылығы саясатын таныстырылды (ФОТО)

Еурподағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы (EҚЫҰ) Германияның төрағалығы аясында 2016 жылғы 18-19 мамырда Берлинде өткен «Сауда мен инвестициялардың өзара байланыстылығы» («Connectivity for Commerce and Investment») халықаралық конференцияға Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған делегация қатысты, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Әлемде 20 Мамыр, 14:32

Делегацияның құрамына ЕҚЫҰ-дағы ҚР Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай, Германиядағы ҚР Елшісі Болат Нүсіпов, тиісті министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ ұлттық компаниялардың өкілдері енді.

«Еуразиялық кеңістікте экономикалық өзара әрекеттестікті нығайту» тақырыбындағы пленарлық сессияда Р. Василенко баяндама жасап, конференцияға қатысушыларды Еуразия орталығындағы еліміздің географиялық орнының артықшылықтарын барынша толық және тиімді пайдалануға бағытталған саясатының басты басымдықтарымен таныстырды.

Конференцияға қатысушылар үшін «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автокөлік жолдарының құрылысы жобасын жүзеге асыру, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын дамыту жоспарлары, Ақтау теңіз порты мен транскаспийлік логистикалық бағыттар үлкен қызығушылық тудырды. Конференция қатысушылар Жібек жолының экономикалық белдеуі және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) қоса алғанда Еуразиядағы түрлі интеграциялық бастамалар мен инфрақұрылымдық даму бағдарламалардың өзара тиімді орайластығының келешектері таныстырылды. Осы мәнмәтін шеңберінде өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықтың келешектерін анықтау мақсатында ЕАЭО және Еуропалық Одақ арасындағы үнқатысуды жолға қою туралы ЕАЭО төрағасы ретіндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрын жарияланған бастамасының маңыздылығы ерекше аталды.

Конференцияның мақсаты Ванкуверден Владивостокқа дейінгі экономикалық байланыстарды нығайту мүдделері үшін сауда және инвестициялық жағдайларды жақсарту мүмкіндіктерін іздестіру болды. ЕҚЫҰ-ның екінші өлшемі шеңберінде ұйымдастырылған бұл іс-шараға ЕҚЫҰ кеңістігі түрлі аумақтарының саяси-экономикалық және азаматтық қоғамның жетекші өкілдері қатысты. Ағымдағы жылы ЕҚЫҰ-да Германия төрағалық жасайды. «үнқатысуды жаңарту, сенімді жаңадан қалыптастыру, қауіпсіздікті қалпына келтіру» ұранымен федералдық үкімет өзекті тақырыптардың мейлінше мол саны бойынша үнқатысуды алға жылжыту, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның барлық кеңестігінде ұзақ мерзімді негіздегі сенімді қалпына келтіру үшін ЕҚЫҰ институттары мен құралдарын нығайтуға ықпал етуге ниетті.

Берлинде болу кезінде Р. Василенко Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша ГФР СІМ Уәкілі Андреас Пешкемен, қазақстандық-германиялық Стратегиялық ынтымақтастығы бойынша іскерлік кеңесінің Тең төрағасы Петер Тильспен және Германияның Шығыс экономикалық комитетінің аймақтық директоры Мартин Хофманмен келіссөздер өткізді. Сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады және екі мемлекеттің шикізат пен технологиялық серіктестігі мәнмәтініндегі экономикалық келісімдерді жүзеге асыру бойынша табысты өзара әрекеттестігін, Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне Германияның қатысуын, сондай-ақ Қазақстанда қосарлы білім берудің неміс үлгісін енгізуді нақтылады.

Қазақстандық дипломат онымен қатар Аустрия СІМ Бас Хатшысы Михаэль Линхартпен кездесті. Кездесуде екіжақты күн тәртібінің мәселелері мен Аустрияның алдағы 2017 жылы ЕҚЫҰ-ға Төрағалық етуін талқылады. Аустриялық төрағалықтың «Жасыл экономиканы құру, серіктестікті жасау» (Greening the Economies, Building Partnerships) ұсынылған ұраны қазақстандық сыртқы саяси басымдықтары және алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің концепциясымен тым үндесті екені көрсетілді. Осыған орай, сұхбаттастар келесі жылы екі мемлекеттің күш-жігерін біріктіру, соның ішінде «ЭКСПО-2017» алаңында өткізу Жоспарына ЕҚЫҰ қамқорлығымен және энергияның баламалы көздерін дамыту мен энергиялық қауіпсіздікті нығайтуға арналған аустриялық төрағалығымен іс-шаралар өткізу мүмкіндіктерін мәнді қарастырды. 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика