Инвестициялар

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиті елде жүк тасқынын жылына 33 млн. тоннаға дейін арттыруға ниетті

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы жүзеге аса бастаған шақта жалпы жүк тасқыны жылына 2,5 есеге ұлғайып, 33 млн. тоннаны құрайды, деп жоспарлануда. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне сұқбат берген «KAZNEX INVEST» АҚ-ң инвестициялық блок мәселелері бойынша басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов айтты.
Астана қаласы20 Мамыр , 11:23

«Инвестиция тарту деңгейін арттыру үшін біз инфроқұрылым жасаймыз және оны әлемдік стандарт деңгейіне дейін жеткіземіз. Бұл арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардығы өндірістік инфроқұрылым. Әлемдік тәжірибе АЭА-р инвестиция тартудың және экономикалық өсімнің негізгі алаңы болып табылатынын көрсетіп отыр. Бізде 10 Арнайы экономикалық аймақ құрылған және жұмыс істеп тұр»,-деді Қ.Қарманов.

Бұдан бөлек ол, көліктік инфроқұрылымның жақсарып келе жатқанын атап өтті.

«Келесі жылы қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік беретін  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мега жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Жалпы, бұл жоба экспорт пен импорт өнімдерінің аясын 32%-ға кеңейтуга мүмкіндік туғызады. Жоба жүзеге аса бастаған шақта жалпы жүк тасқыны жылына 2,5 есеге ұлғайып, 33 млн. тоннаны құрайды, деп көзделуде. 2016-2020 жылдар кезеңінде ел бюджетіне шамамен 240 млрд. теңге қаржы түседі, деген жоспар бар»,- деп атап өтті Қ.Қарманов.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика