Халықаралық интеграция

Берлинде Қазақстан мен Германияның инвестициялық ынтымақтастығы талқыланады

Берлинде Қазақстан-Герман Іскерлік кеңестің 9-шы отырысы өтеді. Отырыс барысында Қазақстан-Герман Іскерлік кеңестің тең төрағасы Питер Тильс, «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Қазақстанның Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Әлемде20 Мамыр , 19:02

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ хабарлағандай, іс-шара барысында Холдингтің еншілес ұйымдарының («Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру агенттігі» АҚ) басшылары компаниялардың қызметі мен даму перспективалары туралы таныстырылымдарын ұсынады.

Сондай-ақ, отырыстың қатысушылар екі елдің инвестициялық ынтымақтастығын дамытуға қатысты мәселелерді, экономикалық ынтымақтастықтағы ықтимал қиындықтар мен оларды шешу жолдарын талқылайды.

Айта кетерлігі, Қазақстанда бірлескен кәсіпорындарды қоса алғанда, герман капиталының қатысуымен 1,5 мыңнан астам экономикалық құрылымдар тіркелген. 700-ден астам герман кәсіпорындары белсенді түрде жұмыс істейді. Ынтымақтастық өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік пен байланыс, ауыл шаруашылығы, өзге коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер көрсету және экономиканың басқа да салаларында жүзеге асырылады. 

Ынтымақтастық жылдары ішінде неміс іскерлік орталары Қазақстанға шамамен 3,1 млрд. АҚШ долларын инвестициялады. Соңғы 3 жылда Қазақстан мен Германия арасында шамамен 4 млрд. еуро жалпы сомасына 72 инвестициялық және сауда келісімдеріне қол қойылды, 700 млн. еуро жалпы сомасына 12 инвестициялық жоба іске асырылды.

                                                                                              




Дерекнама

Яндекс.Метрика