Білім беру

Астанада техникалық білім көрмесі өтеді

23 мамырда Кәсіптік-техникалық колледжде «Астана – тең мүмкіндіктер қаласы» атты техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының көрме-фестивалі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараға жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысады.
Астана қаласы21 Мамыр , 12:31

Мектеп оқушыларына еңбек нарығындағы жағдай, елордадағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы қажетті ақпараттар ұсынылады. Олар техникалық мамандықтармен жақынырақ танысып, болашақ мамандықты таңдай алады.

Шара аясында кейбір мамандықтар бойынша шеберлік дәрістері өткізіледі. Көрмеге қатысушылар тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу жолдарымен, сондай-ақ, «Шаштараз өнері және сәндік косметика», «Дизайн», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша берілетін біліммен танысады, медбикелік іс мамандығы бойынша студенттер өз машықтарын көрсетеді. Фестиваль барысында аспаздық өнімдер демонстрациясы, студенттердің шығармашылық жұмыстарынан көрмесі ұйымдастырылады. 

 




Яндекс.Метрика