Балтабек Аблаевтың айтуынша, жаңа құрылымға енген 2827 маман түгелдей қайта тағайындаудан өткен. Аталған қызмет жұмысын бастағалы қоғамдық орындарда жасалған қылмысты ашу 125 пайызға артып, «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша анықталған құқықбұзушылықтар 94,3 пайызға көбейіпті. Ал кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыс саны 139-дан 97-ге төмендеген.
Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері баяндамашының есебіне байланысты сұрақ қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес отырыс нәтижесі бойынша қарар қабылданды. Оған мәжіліс барасында айтылған ұсыныстар енгізілді.