Өңірлер

ОҚО-ның Созақ ауданында мектеп пен балабақша салынуда (ФОТО)

ОҚО әкімінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Созақ және Бәйдібек аудандарында болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан 20 Мамыр, 09:18

 Белгіленген кестеге сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалды іс-сапармен Бәйдібек және Созақ аудандарына барып, онда салынып жатқан әлеуметтік, тұрғын үй және ауыл шаруашылық нысандарын аралады.

Атап айтқанда Бәйдібек ауданында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Мәдениет ауылындағы 150 орындық мектеп және Жамбыл ауылындағы 1250 га жерді сумен қамтамасыз ететін «Жамбыл» су қоймасының құрылысы нысандарымен танысты.

Сонымен қатар Созақ ауданында Аққолтық ауылындағы 200 орындық мектеп, Шолаққорған ауылындағы 280 орындық бала-бақша, Шолаққорған ауылындағы бір пәтерлі 50 тұрғын үйлердің және оған тартылып жатқан инфрақұрылым жүйелері мен Шолаққорған ауылындағы «Біресек» су қоймасы құрылысы нысандарында болды.

 

 





Яндекс.Метрика