Өңірлер

Қызылорда облысында жыл сайын жеке меншік балабақшалардың саны артып келеді

Қызылорда облысында жыл сайын жеке меншік балабақшалардың саны артып келеді. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті 3-ші сессиясының отырысында айтылды. Әкімдіктің хабарлауынша, жиында аймақтың өзекті мәселелері талқыланып, шешімдер қабылданды.
Қызылорда 20 Мамыр, 08:41

Баяндама жасаған Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер 100 пайыз балабақшамен қамтылғанын мәлімдеді. Облыста балабақша саны жыл өткен сайын артып келеді. Әсіресе, мемлекеттік-жекеменшік аясында ашылып жатқан бөбекжайлар көп. Мәселен, қазір аймақта 293 жекеменшік балабақша бар. Ол жалпы балабақшаның  65,1 пайызын құрайды.

– Елбасы 2020 жылға дейін білім саласындағы үш маңызды мәселені шешуді тапсырған. Үш ауысымдағы және апатты мектеп пен балабақша мәселелері. Біз үш ауысымдағы мектеп мәселесін толығымен шештік. Биыл апатты мектептердің орнына жаңа білім нысандарының құрылысы басталады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған балабақша есебінен өткен жылы 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен толықтай қамтыдық. Осылайша Мемлекет басшысының тапсырмасын мерзімінен бұрын орындап отырмыз. Біздің тәжірибемізді өзге аймақтар үлгі етуде, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.





Яндекс.Метрика