Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстандық өндірістің «Қажымұқан» су жаңа катері «KADEX-2016» көрмесінде ұсынылады

Астанада өтетін халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесінде қазақстандық «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ зауыты «Қажымұқан» су жаңа мұз жаратын тартқыш катерінің нобайын ұсынады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 19 Мамыр, 18:39

Катердің жобалануы мен салынуы 2014 жылдан бастап Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің тапсырысы бойынша басталған болатын. Ол өзендерде, су қоймаларында және Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде қалыңдығы 30 см дейінгі жаппай мұзда патрульдік қызмет атқару үшін арналған. Катердің салмағы шамамен 151 тонна, суға бату тереңдігі 1,8 м. Сонымен қатар «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ көрмеге келушілердің назарына КамАЗ-дың базасында сүңгуірлік құламаларды автономды қамтамасыз ету үшін жылжымалы станцияны  ұсынады. Станция 10 метрге дейінгі тереңдікте жауынгерлік жүзушілердің суасты операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Бұл кәсіпорын «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретінін айта кетейік. Институт кеме құрастыру, мобильді робот техника, сүңгуірлік техника, навигациялық жабдық, мұнай газ секторына арналған жабдық сияқты бағыттар бойынша жоғары технологиялық техниканың үлгілерін зерттеу, жобалау, жеке және шамалы шығарылатын өндірісте мамандандырылуда. Одан басқа, көрмеде әскери және қос мақсаттағы өнімді өндіру, жаңғырту және жөндеумен айналысатын қазақстандық кәсіпорындар өз өнімін көрсетеді. Олар экспортқа әртүрлі корабльді толымдаушыларды, торпедаларды, кеме гидравликасын, авиациялық толымдаушыларды, заманауи жылу визиялық приборларды, көздеуіштерге арналған линзаларды, түнгі көру приборларын ұсынады. Көрменің секциялары биылғы жылы 7-ге дейін кеңейтіледі.

Олар авиациялық техниканы, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен ғарыштық технологияларды, Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасын, ӘШҚҚ жүйелері мен құралдарын, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету мүлкін, IT-технологияларды, байланыс жүйелері мен құралдарын, әскери саладағы робот техниканы, әскери салада қолданылуы ықтимал баламалы қуат көздерін қамтиды. 

Көрме қорғаныс өнеркәсібі саласында соңғы жетістіктерді көрсету үшін керемет мүмкіндік болып табылады. 2010 жылғы көрме қорытындысы бойынша 1,5 млрд. АҚШ доллары сомасында 10 ұзақ мерзімді келісімшарт жасалғанын айта кетейік. Оған 156 компания, оның ішінде 86 отандық компания қатысты. Ал 2014 жылғы көрме барысында қол жеткізілген уағдаластық негізінде 2,6 млрд. АҚШ доллары сомасында 31 ұзақ мерзімді құжаттың жасалуына дәнекер болды. Қатысушы компаниялардың саны 300-ге дейін, оның ішінде отандық компаниялардың саны 92-ге дейін ұлғайды.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика