Басқару

Г.Әбдіқалықова азаматтық мәселелер жөнiндегi комиссияның отырысын өткізді

Тәуелсiздiк жылдары 965 мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығын алған. Бұл туралы бүгiн ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықованың төрағалығымен өткен азаматтық мәселелер жөнiндегi комиссияның кезектi отырысында белгiлi болды.
Астана қаласы19 Мамыр , 17:31

«Биыл елiмiздiң Тәуелсiздiк алғаныны 25 жыл болады. Әр жыл сайын азаматтық алуға түсетiн өтiнiш саны артып келедi. Осы адамдарға бiз жағдай жасауымыз керек. 25 жылда елiмiзге 965 мың адам келiп, Қазақстан азаматтығын алды», - дейдi Мемлекеттiк хатшы Г.Әбдiқалықова.

Оның айтуынша, бұл Елбасының жетекшiлiгiмен қол жеткiзiлген елiмiздiң табыстарын мойындаудың айқын дәлелi.

«Бiз Қазақстанның жаңа азаматтарын қарсы алуға қуаныштымыз және олар лайықты азаматтар болып, тәуелсiз Қазақстанның одан әрi дамуына үлесiн қосатынына сенемiз», - дедi Мемлекеттiк хатшы.

Президент тиiстi Жарлыққа қол қойған соң алыс-жақын елдерден келген 819 адам Қазақстан азаматы атанбақ. 




Яндекс.Метрика