Евразиялық одақ

40-қа жуық мемлекет ЕАЭО-мен ынтымақтастық орнатуға ынталы - Мәжіліс төрағасы

Санкт-Петерборда өтіп жатқан «Еуразиялық экономикалық перспектива» IV халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов ЕАЭО-ты дамытудың халықаралық бағдарына айрықша назар аударды, деп хабарлады Мәжіліс.
Әлемде19 Мамыр , 17:13

Б. Измұхамбетовтің пікірінше, Қазақстан Президентінің ірі интеграциялық жобаларды түйіндестіру мақсатында «Үлкен Еуразия» құру туралы идеясының өзектілігі жыл санап артып келеді.   

Осы ретте Мәжіліс Спикері ЕАЭО, ШЫҰ-мен ықпалдастық, Жібек жолының экономикалық белдеуі әріптестікті дамытудың маңызды тетіктері екендігін атап өтті. Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзінше, өзара іс-қимыл көлік-логистикалық саламен шектелмейді. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы:

“Екі ұйымға қатысушы-мемлекеттер экономикасының жиынтық көлемі 11 трлн. доллардан астам немесе ЖІӨ жалпы әлемдік көлемінің 15 пайызын құрайды. Тұрғындар саны біржарым млрд-тан асады.  Жақын уақытта Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келіссөздер басталады. Энергетика, телекоммуникация, пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу сынды салаларда өзара тиімді мүмкіндіктер бар. Және өндірістік, агроөнеркәсіптік, инновациялық кооперация жақсы әлеуетке ие,-деп атап өтті.

Жалпы алғанда 40 мемлекет ЕАЭО-пен ынтымақтастық орнатуға ынталы екенін алға тартқан Мәжіліс Төрағасы Одақтың еркін сауда аймағы жүйесін кеңейту арқылы ірі сауда блоктарымен өзара тиімді әріптестік орнату қажеттілігі туралы пікірін білдірді.  Олар, атап айтқанда, Еуропалық одақ, сондай-ақ, Транс-тынық мұхиты.

Жиынға қатысушы парламентшілердің айтуынша, Қазақстан Президентінің ЕАЭО-ЕО форматында халықаралық конференция өткізу туралы бастамалары Еуроодақпен еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздер процесін жеделдетуге жол ашады.

“Одақты дамыту процесі  - өңірлік экономикалық бірлестіктермен  стратегеиялық ынтымақтастыққа шыға отырып, аймақтық жоспар бойынша интеграцияны біртіндеп дамытудан көрінеді,-деді Б. Ізмұхамбетов.

Сондай-ақ, Форумда сөйлеген сөзінде Мәжіліс Төрағасы парламентшілерді, саясаткерлер мен сарапшыларды Қазақстан Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесін алға жылжыту жолында бірігуге шақырды.

“ ЕАЭО мүшелері арасында, сондай-ақ, үшінші мемлекеттермен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тек қана жалпыға ортақ және бөлінбейтін бейбіт жағдайда ғана мүмкін болмақ. Сондықтан, Қазақстан Көшбасшысының манифесі – халықаралық экономикалық ынтымақтастық та  негізделетін ғаламдық қауіпсіздікті сақтау, бейбітшілікті нығайту ісіне қосылған зор үлес,-деді ол.




Яндекс.Метрика