Білім беру

КДДБ колледж оқушысының қорытынды аттестациясын алып тастауды ұсынады

Колледждерге жүргізілген кәсіби дайындық деңгейін бағалау қорытынды аттестатты алып тастап, білім мекемесінің қортынды аттестатымен шектеу ұсынылды. Аталмыш ұсынысты Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Вера Цзин «ҚР Президентінің 2015-жылдың 30-швы қарашасындағы Жолдауы аясында тегін техникалық және кәсіби білім беру тетігін енгізу туралы» тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында айтты.
Астана қаласы19 Мамыр , 16:51

Оның айтуынша, республикалық бюджетте КДДБ-ға қаржы қарастырылмаған, сондықтан нәтижесінде аталмыш процедураға түлектер төлеуге мәжбүр.

«КДДБ – бұл ҰБТ сияқты тегін жасалуы керек оқушының қортынды аттестациялық кезеңі. Тек Алматы қаласында жыл сайын бұл мақсатқа кем дегенде 40 млн. теңге талап етіледі. Дегенмен бұл жердегі мәселе одан да тереңде жатыр. Колледж басшыларынан сынамалық тестті үш реттен тапсырту ұсынылып келді. Ал, жыл сайын төлемақысы өсіп бара жатыр. 2016-шы жылы аталмыш процедураға бір түлектен 2500 теңге, ал, тест жинағы бойынша сынақ тестіне 2000 теңге, ал қайта тапсыру 12 мың теңгеге дейін жетеді. Осылайша, бұл сома 6,5-тен 18,5 мың теңгеге дейін барады»,-деді Вера Цзин.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика