Білім беру

Қазақстанда 2019 жылға дейін кәсіптік-техникалық колледждерде жаңа білім беру бағдарламасын енгізеді

Қазақстанда 2019 жылға дейін кәсіптік-техникалық колледждерде жаңа білім беру бағдарламаларын енгізетін болады, деп ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.
Астана қаласы19 Мамыр , 16:37

«Біздің мақсатымыз 2019 жылға дейін барлық колледждерде білім беру бағдарламасын жаңарту»,-деді министр.

Ведомство басшысы жақын уақытта колледждерде несиелі-модульдік жүйеге көшу жоспарланғандығын айтты. Бұл, оның айтуы бойынша техникалық колледждер мен жетекші оқу орындарының арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.

«Бұл жерде екі элемент бар: бірінші- модульдік жүйеге көшуге орай, ішіндегі мазмұнын параллельді жаңартудамыз.  Бүгін «Кәсіпқор» холдингімен 45 модульдік білім беру бағдарламалары әзірленген және қосымша 147 – Дүниежүзілік банк жоспары бойынша. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап біз бұл білім беру бағдарламасын «Кәсіпқор» холдингіден бастаймыз»,-деді ол.

Ол өз сөзінде «Кәсіпкер» холдингі осы жаздан бастап 2 мың 600 мұғалімді колледжге дайындайтығын айтты.

«Олар осыған дайындалуда. Сондай-ақ бұл сандар болашақта өсетін болады»,-деді министр.

Естерінізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, 2017 жылдан бастап тегін кәсіби-техникалық біл беру енгізіледі. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен жұмыс топтары құрылды. 




Яндекс.Метрика