Білім беру

Жергілікті бюджеттің 1 млрд теңгеге жуық қаржысы колледждердегі техникалық базаны жаңартуға қарастырылып отыр – БҒМ

Жергілікті бюджеттің 1 млрд теңгеге жуық қаржысы колледждердегі техникалық базаны жаңартуға қарастырылып отыр, Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тегін кәсіптік және техникалық білімді енгізуге арналған дөңгелек үстелде айтты.
Астана қаласы19 Мамыр , 16:21

«Іскерлік колледждерді заманауи қондырғылармен қамту қарастырылған, ол білім беру мен колледжің дамуына үлес қосады. Бұл проблеманы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жобасы арқылы   Дүниежүзілік банк  есебінен  шешуді жоспарлап отырмыз. Бұл жоба бойынша  64 колледждің оқыту-өндірістік іскерлік бөлімдерін қамту жоспарланған», - деді ол.

Министр атап өткендей, «мемлекеттік бағдарлама шараларының жоспарында осы мақсаттарға 993 млн теңге қарастырылған».

Жалпы, БҒМ атап өткендей, 2019 жылға таман колледж студенттерінің 40 пайыздық білім алуына жету керек.

Ботагөз Айтжанова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика