Білім беру

Е.Сағадиев: ҚР-да 2019-шы жылға қарай жұмысшы мамандықтарын оқитындардың қатарын 40%-ға дейін арттыру жоспарлануда

Тегін кәсіби техникалық білім жаңа моделі 2019-шы жылға қарай жұмысшы мамандықтарын 20%-дан 40%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «ҚР Президентінің 2015-жылдың 30-швы қарашасындағы Жолдауы аясында тегін техникалық және кәсіби білім беру тетігін енгізу туралы» тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында.
Астана қаласы19 Мамыр , 16:13

«Бізде модель жасалды. Ол барлығына тегін кәсіби техникалық білім беру. Екі модель бар. Оның бірі бүгінгі қолданыстағы да , екіншісі енді болатын модель. Егер қазір 9-11-ші сыныпты бітіруші түлек «1-ші», «2-ші» және «3-ші» категорияға түсуге құқылы. Енді жаңа модель бойынша бірінші грантқа түскендерді жергілікті атқарушы органдар өздері керек мамандықтарына қарай категориямен бөлетін болады», - деді Ерлан Сағадиев.

Министрдің айтуына қарағанда, жыл сайын мектеп бітіретін 21 мың түлек арнайы білімі болмай, жоғары оқу орнына да түсе алмай еңбек нарығына тап болады. Олардың ішінде 3,8 мыңға жуығы бірден жұмыссызға айналады. «Сондықтан да, біздің мақсатымыз осы мектеп бітіретін 21 мың адамды өзіміздің жүйе арқылы өткізу. Осыған байланысты тегін кәсіби және техникалық білім беру үлгісі құрылып отыр. Бұл ретте Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті әкімдіктердің гранттары жұмысшы мамандықтары бойынша бөлінетін болады. Сосын олар конкурс негізінде ең төменгі санаттар бойынша бөлінеді», - деді министр.

Оның айтуынша, бұндай жүйе жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан балаларды бүгінгі 20 пайыздан 2019 жылға қарай 40 пайызға дейін арттыруға септігін тигізеді.




Яндекс.Метрика