Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қазақстанда жұмыс мамандары бойынша ұлттық чемпионат өткізу жоспарлануда (ФОТО)

Жұмыс мамандарын WorldSkills чемпионатын өткізу арқылы дәріптеу керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Тегін техникалық және кәсіптік білім механизмдерін енгізу» атты дөңгелек үстел барысында мәлім етті.
Астана қаласы 19 Мамыр, 15:57

«WorldSkills»  чемпионатын өткізу арқылы жұмыс мамандарын дәріптеу. Бұл аса маңызды жоба. Өзіміздің жеке ұлттық чемпионатымызды өткізгіміз келеді, өйткені халықаралық чемпионатқа қатысу өте қымбат. Шын мәнісінде колледждер ешқашан салыстырмалы қызметпен қамтылған жоқ. Оны енгізу керек»,-деді министр.

Сонымен бірге, техникалық мамандарды дәріптеу мақсатында ведомство басшысы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге «Еңбек адамы» атты жұмыскер жастар арасында байқау өтетіндігін, сонымен қатар дуалды оқыту жүйесін енгізу жұмыстары жалғасатындығын айтып өтті.

«Бүгінгі күні 1 718 кәсіпорын, 348 колледж және 22 мыңнан астам студенттер қамтылған. Маңызды бағдарлама»,-деді ведомство басшысы.

Естерінізге сала кетейік, WorldSkills- бұл халықаралық коммерциялық емес қозғалыс, оның мақсаты жұмыс мамандарының дәрежесін көтеру.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Алиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика