Адамзаттық капитал

Қызылордада жасөспірімдер арасында Қазақстан кубогы басталды

Қызылордада Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан ҚР кубогының 1-кезеңі басталды. Оған еліміздің 13 облысынан 200-ге жуық 10 және 14 жасқа дейінгі шахматшылар қатысуда, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда19 Мамыр , 19:31

Кубоктың салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, ҚР шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко және Аралбай Махамбетовтың інісі Сұлтанбек Махамбетовтер жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, жерлесіміз, шахматтан 7 дүркін Қазақстан чемпионы, оқушылар арасында Әлем, Азия чемпионы Әсел Серікбайға халықаралық шахмат федерациясының ФИДЕ шебері атағының сертификаты мен төсбелгісін ҚР шахмат федерациясының вице-президенті, облыстық шахмат федерациясының президенті Марат Есенов табыстады.

Кубок жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері 24 мамыр күні белгілі болады.

 
 
 




Дерекнама

Яндекс.Метрика