Өңірлер

Алматы мен ШҚО кәсіпкерлері сауда желілерінің сөрелерінде қазақстандық қамтудың үлесін арттыруда

Алматы қаласының сауда кәсіпорындары мен Шығыс Қазақстан облысы ауылшаруашылығының тауар өндірушілері Алматы қаласының сауда желілерінің сөрелерінде қазақстандық қамтудың үлесін арттыру бойынша белсенді түрде ынтымақтастықты нығайтуда, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы19 Мамыр , 17:49

Тараптардың ынтымақтастығы Алматы қаласының әкімдігі және Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өңірлер арасындағы өңіраралық кооперация шеңберінде өтіп жатыр. Сонымен, мегаполистің ірі сауда желілері қонақтар тарапынан ұйымдастырылған көрме өткізу кезінде Шығыс Қазақстан облысының тамақ өнеркәсібінің әлеуетімен танысты. Бұдан басқа, тараптар қалаға өнімдерді тікелей жеткізу туралы Меморандумдарға қол қойды. Алматы қаласының сауда желілері отандық тауар өндірушілерінің шығаратын өнімдерін қаланың сауда кәсіпорындарының талаптарына сәйкестікке келтіру бойынша шеберлік кластарын өткізді.

Осылайша, Алматы қаласында мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың импорттың орнын ауыстыруды және сол арқылы азық-түлік тауарларының бағаларын төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық қамтудың үлесін арттыру бойынша тапсырмасын іске асыру толыққанды деңгейде жүріп жатыр. Аталған іс-шаралар өнімді тікелей жеткізуді жүргізуге, сонымен қатар, қазақстандық өндірушілерге мегаполистің сауда желілерінің сөрелеріне жол ашуға мүмкіндік береді.

Қазіргі сәтте, қышқыл сүт, ет, балық, кондитер, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының жасаң жеміс-көкөністен тұратын өнімдерін өндірушілер тауардың 100-ден астам түрін ұсынды. Осылайша, алматылық тұтынушыларда экологиялық таза өнімдер алуға мүмкіндік пайда болады.

Алматы қаласы әкімдігінің Қазақстанның барлық өңірлерімен барлығы 15-ке жуық осындай кеңестер өткізетінін атап өтеміз.




Яндекс.Метрика