Халықаралық интеграция

Астанада Ұлыбританияның танымал ғалымдары семинар-тренинг өткізуде (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулердің қазіргі әдістері» тақырыбында семинар-тренинг басталды, семинар-тренингті Ұлыбританияның танымал ғалымдары Колин Нокс және Карл Джон О’Коннор өткізуде, деп хабарлады Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі.
Астана қаласы 19 Мамыр, 15:21

Ұлыбританияның Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар ұлттық академиясының халықаралық гранты шеңберінде ұйымдастырылған осы іс-шараға Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлері және докторанттары қатысуда.  

Ағымдағы жылдың 18–21 мамыры аралығында семинар тыңдаушыларына мемлекеттік саясат және басқару саласындағы жетекші еуропалық сарапшылар – Солтүстік Ирландия (Ұлыбритания) Ольстер университетінің қоғамдық саясат профессоры Колин Нокс және Ольстер университетінің (Ұлыбритания) Криминология, саясат және әлеуметтік саясат мектебінің оқытушысы Карл Джон О’Коннор дәріс береді. Профессор Колин Нокс Қытай, Ресей, Латвия, Грузия, Бангладеш және т.б. сияқты көптеген елдерде мемлекеттік секторды реформалау саласы бойынша зерттеулер жүргізген.   

Сондай-ақ профессор Колин Нокс 2016 жылдың 26 мамырында Астана экономикалық форумы аясында өтетін «Институционалдық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін кәсіби мемлекеттік аппарат» атты Жаһандық конференцияға негізгі спикерлердің бірі ретінде қатысып, сөз сөйлейді.   

Семинар-тренинг барысында британдық сарапшылар мемлекеттік қызмет және басқару саласында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу тәжірибесімен бөліседі, зерттеу және модельдеудің инновациялық әдістері, әлеуметтік сауалнама, сұхбаттасу, фокус-топтарды және т.б. сапалық және сандық талдаудың қазіргі әдіснамасы туралы айтады.  





Яндекс.Метрика