Адами капитал

Армия халықаралық ойындарына ҚР ӘТК корабльдері әзірлігінің тексерісі өтті (ФОТО)

Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Каспий теңізі» теңіз биатлонына дайындық жоспары бойынша экипаждардың әзірлігі мен корабльдердің техникалық жай-күйін тексерді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Әлемде 19 Мамыр, 15:38

 «Биатлонда жеңіске жету экипаждың әрбір мүшесіне байланысты. Мен теңізшілеріміздің талпынысы мен мақсатқа ұмтылуын көріп отырмын», - деп ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысының орынбасары 1-дәрежелі капитан Сәкен Бекжанов атап өтті. 

«Баутино» айлағының су айдынында «Каспий теңізі – 2016» теңіз биатлонына қатысатын, негізгі корабль болып табылатын «Орал» зымыран-артиллериялық кораблінің астыңғы жағының жөнделуі барысы тексерілді. Қарау барысында корабльдің негізгі тораптары, тетіктері, агрегаттары және корпусы тексерілді. 

Бүгінгі таңда дайындық бойынша іс-шаралар 60 пайызға орындалды. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Армия халықаралық ойындары-2016 шеңберінде «Каспий кубогы – 2016» (теңіз биатлоны) халықаралық теңіз байқауына қатысатынын айта кетейік. Биатлонға қатысатын негізгі және қосалқы корабльдер де белгіленіп қойды. Негізгі корабль «Орал», қосалқы «Сарыарқа» зымыран-артиллеиялық кораблі болды.  Корабльдердің экипаждары 33 адамды құрайды. 


 
 





Яндекс.Метрика