Парламент

ҚР Үкіметінің бюджеті бойынша бюджеттің жоспарлық параметрлері мен міндеттері орындалды - Есеп комитеті

ҚР Үкіметінің бюджеті бойынша бюджеттің жоспарлық параметрлері мен міндеттері орындалды , деді республикалық бюджетті орындау бойынша Есеп комитетінің мүшесі Жансейіт Сәрсенқұлов «2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» Үкімет есебінде.
Астана қаласы19 Мамыр , 14:09

«2015 жылы 7 триллиондық бюджетте тек 7,8 млрд. теңге игерілмей қалды. Бұл 2014 жылға қарағанда 4 есеге аз.Төртіншіден, ішкі бақылаумен 2,4 трлн.теңге бюджет қаражаты қамтылды», - деді ол

Нәтижесінде бюджетті игерудегі және мемлекеттік сатып алудағы біраз бұзушылықтары жойылды. 118 млрд. теңгеге тауарлар және көрсетілетін қызметтер толық жеткізілді, бюджетке 2,7 млрд. теңге қайтарылды. 381 кәсіпкердің шағымдары бойынша 50 млрд. теңгеге конкурс қайта тағайындалды.

Бесіншіден, 2014 жылдың қорытындысы бойынша депутаттық корпус пен Есеп комитетінің ұсынымдары бойынша жан-жақты шаралар қабылданды.

«Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қалдықтары 3 есеге азайтылды, жоспарлау сапасы жақсартылды, импорттың ашық статистикасы бойынша деректер алмасу іске қосылды. Бұзушылықтарды алдын алу және мемлекеттік аудитке көшу жұмыстары жүргізілді», - деді Ж.Сәрсенқұлов.

Бюджет тәртіптерін жетілдіру мен  кірістерді әкімшілендіру шаралары  жаңа Бюджет және салық-кеден кодекстерінде көрініс табатын болады.

Осылайша, бірлескен жұмыс нәтижесінде бюджет шығыстарының жоғары – яғни 99,8%-ке атқарылуына қол жеткізілді, бұл барлық жылдардағы ең үздік көрсеткішболып табылады.

«Есепті жылдың бюджетінің атқарылуының негізгі ерекшеліктері осындай. Қолайсыз сыртқы экономикалық мән жайлар жағдайында 2015 қаржы жылы қаржылық аспектілер бойынша – түсімдер, шығыстар, тапшылық барынша толық орындалды. Сол сияқты нысаналы көрсеткіштер сапа, көлемдер және басқа да қаржылық емес көрсеткіштер жақсартылды», - деді ол.

Индира Кауметова 
 




Дерекнама

Яндекс.Метрика