Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

2015 жылы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 74 млрд теңге бөлінді

2015 жылы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 74 млрд теңге бөлінді, деді Бақыт Сұлтанов «2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» Үкімет есебінде.
Астана қаласы19 Мамыр , 13:08

««Саламатты Қазақстан» бағдарламасына 2015 жылы 74 млрд.теңге пайдаланылды. Барлық 8 индикатор бойынша нәтижелерге қол жеткізілді. 66 объекті салынды немесе сейсмонығайтылды, 745 органдарды трансплантациялау жүргізілді», - деді Б.Сұлтанов.

 «Агробизнес 2020» бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуді өлшеу үшін 7 индикатор көзделген болатын, оның 4 индикаторына қол жеткізілді.

Нәтижесінде жалпы астық жинау 18,7 миллион тоннаны құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару 4,4 процентке ұлғайды.

««Нұрлы жол» бағдарламасына байланысты қаржыландырудың екі форматы бойынша (бюджет арқылы және «Бәйтерек» холдингі арқылы) 707 млрд. теңге игерілді. Оның ішінде 492 млрд. теңге бюджет арқылы қаржыландырылған болатын», - деді ол.  

Оның айтуынша, 80 мың жұмыс орны құрылды, 456 км автомобиль жолы салынды және реконструкцияланды, 673,5 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды, отандық өндірістің автомобильдерін сату көлемі 4 540 бірлік болды, 28 «Тальго» жолаушы вагондары сатып алынды. 2015 жылдың табысты тәжірибесі үстіміздегі жылы да өз жалғасын тапты.

 Индира Кауметова
 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика