Қазақстан және БҰҮ

Б.Сәрсенбаев: Үндістан Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуын ресми түрде қолдайды

Үндістан Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуын ресми түрде қолдайды, деп Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Сәрсенбаев қазақстандық-үндістандық іскерлік кеңесі аясында мәлім етті.
Астана қаласы19 Мамыр , 12:34

«Қазақстан мен Үндістан тарихы жағынан бір-біріне жақын. Елдер арасында шиеленіс жоқ, қазір біз көптеген халықаралық мәселелерде үйлестікті бөлудеміз және екі жақты, көпжақты негізге қолдау көрсетудеміз. Сіздер білесіздер, 28 маусымда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне дауыс берілу басталады. Қазақстан өз кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесіне қойды. Үндістан бұл мәселеде бізді ресми түрде қолдайды»,-деді ол.

Сонымен қатар, дипломаттың айтуы бойынша, «Үндістан Еуразиялық экономикалық одаққа кіруді шындап қарауда, яғни ЕАЭО-мен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қоюды».

«Бұл елдер арасында экономикалық қарым-қатынастың дамуын жеңілдетеді, бізде ынтымақтастық жасайтын сала көп»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика