Парламент

2016-шы жылдың 1-ші қаңтарында ҚР Мемлекеттік борышы 9 млрд. теңгеден астам немесе ІЖӨ 21,6%-н құрады – Б.Сұлтанов

2016-шы жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдай бойынша Мемлекеттік борыш 9 022 млрд. теңге немесе ІЖӨ-ң 21,6%-н құрады. Дүниежүзілік экономикалық форумның 2015-2016 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі есебіне сәйкес Қазақстан «Мемлекеттік борыш» қосалқы индексі бойынша 140 елдер арасынан 12-ші орынды иеленді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Парламентінің Мәжілісінде ҚР Үкіметінің 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің таныстырылымында.
Астана қаласы19 Мамыр , 12:31

«Бюджет тұрақтылығының маңызды сипаттамасы оның тапшылығының мөлшері болып табылады. Есепті жылда бюджет тапшылығы жоспарға шаққанда төмендеді және 912 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,2%-ін құрады. Тапшылық ішкі және сыртқы қарыз алу комбинациясымен қаржыландырылды»,-деді минитстр.

Б.Сұлтановтың хабарлауынша  2016-шы жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдай бойынша Мемлекеттік борыш 9 022 млрд. теңге немесе ІЖӨ-ң 21,6%-н құраған.

«2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш 9 022 млрд. теңгені (26,6 млрд. АҚШ доллары) немесе жалпы ішкі өнімнің 21,6%-ін құрады. Дүниежүзілік экономикалық форумның 2015-2016 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі есебіне сәйкес Қазақстан «Мемлекеттік борыш» қосалқы индексі бойынша 140 елдер арасынан 12-ші орынды иеленді»,-деп мәлімдеді министр.

Министрдің айтуынша, борыштық жүктеме бұрынғысынша қауіпсіз шекте қалып отыр. Борыштық қызмет көрсетудің кірістерге қатынасы шекті деңгейде 15%-тің орнына 10%-тен төмен болды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика