Парламент

Бюджет құрылымындағы әлеуметтік шығын үлесі 40 %-ға өсіп, 2,8 трлн теңгені құрады

Республикалық бюджет шығыны 2015 жылы 7 трлн 163 млрд теңгені құрады. Бюджет құрылымындағы әлеуметтік шығын үлесі 40 %-ға өсіп, 2,8 трлн теңгені құрады, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Үкіметінің 2015 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы Мәжілісте өткен отырыста.
Астана қаласы19 Мамыр , 12:23

«Әлеуметтік сала әр кез басымдылықта болады. Бюджеттің нақты циклдық өсімі, бірінші кезекте  әлеуметтік шығынның өсуіне әкелді. Олардың бюджет құрылымындағы үлесі 39,4 пайызға дейін өсіп, 2,8 трлн теңгені құрады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, зейнетақылық төлем 9  пайызға, бала туған кезде берілетін өтемақы 400 мың әйелге беріліп, 87 мың адамның «декреттік» демалысындағы  зейнетақылық төлемі енгізілді.

Министр атап өткендей, шығындар 99,8% орындалды. Оның жартысынан көбі игерілді.

«7,8 млрд теңге осы жылы ұзақмерзімді жоба ретінде жалғасуда. Игерілмеген қаржы құны келесі ведомстволарға тиесілі: Ішкі істер министрлігі – 3,4 млрд теңге, Істерді басқару – 0,8 млрд теңге, Ауыл шаруашылығы мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі – 0,7 млрд теңгені құрады. Ұлттық экономика министрлігі 0,6 млрд теңгені құрады. Олар кесте бойынша орынадалады», - деді Б.Сұлтанов.

Индира Кауметова

 
 




Яндекс.Метрика